қаз
рус

E-SAUDA жаңа дизайны

Әзірлеу тобы портал дизайнын жаңарту бойынша жұмысты аяқтады. Сыртқы көріністен басқа, әзірлеушілер ыңғайлылыққа назар аударды.

Порталды пайдалану ыңғайлна түсті. Біз портал бұрыннан хабарландыру жариялап және сауда-саттыққа қатысып жүргендерге ғана емес, сонымен қатар жаңа пайдаланушылар үшін де ыңғайлы болуына тырыстық.

Ең маңызды бөлімнің — мүлікті сату туралы хабарландырулардың макетін жаңарттық. Сүзгінің орнын өзгерттік, тауарлардың санаттарын айқынырақ көрсеттік, пайдаланушылар не қажет екенін тез тауып, тінтуірді аз жылжытатындай етіп іздеу өрісін азайттық.

Портал тек жақсы көрініп қана қоймай, ақпараттық сипатқа ие болды. Біз сатып алушылар мен сатушыларға жаңа бөлімдер қостық, портал сипаттамасын жаңарттық, тарифтік кестені реттедік.

Жаңа сатушылар мен сатып алушыларды E-Sauda порталына шақырамыз. Сатушылар мүлікті сату туралы хабарландырулар жариялайды және нақты уақыт режимінде сауда жасайды. Сатып алушылар жоғарылату, төмендету, тікелей сату немесе екі кезеңдік тендерге қатыса алады. Аукциондарды болжау мүмкін емес, бірақ сатушылардың мүлікті қымбат сатуға, ал сатып алушылардан нарықтық бағадан төмен бағамен сатып алуға мүмкіндігі бар.